Месси ПСЖ-дан кейін қай клубқа ауысады?

Месси ПСЖ-дан кейін қай клубқа ауысады?

ПСЖ-ның жұлдызды шабуылшысы, Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси мансабын Сауд Арабиясының «Аль-Хилал» клубында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мұндай трансфер саудиялық тарап 35 жастағы аргентиналықтың қаржылық қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын жағдайда мүмкін. Демек, Месси екі жылда кемінде 600 миллион еуро тапқысы келеді, осылайша оның жалақысы саудиялық басқа клуб Аль-Насрда ойнайтын Криштиану Роналдудың жалақысынан асып түседі.

Еске салайық, 38 жастағы португалдықтың жалпы табысы жылына 200 миллион еуроны құрайды. Роналду әлемдегі ең жоғары жалақы алатын футболшы. Месси Франция чемпионатының осы маусымында «гол плюс пас» жүйесі бойынша 26 ұпай жинады. ПСЖ басшылығымен алдағы жазда аяқталатын еңбек келісімшартын ұзарту туралы келіссөздер тығырыққа тірелді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или