Рыбакина АҚШ-тағы турнирде сенсация жасаған теннисшімен кездеседі
![Рыбакина АҚШ-тағы турнирде сенсация жасаған теннисшімен кездеседі](https://prosports.kz/upload/news/content//202303/472_4771efec6756ae548927596c21795459.jpg?v=28700876)
Ресейлік теннисші, әлем рейтингінде 66-орында тұрған Варвара Грачева Индиан-Уэлссте WTA 1000 сериясындағы турнирдің үшінші айналымында әлемнің 8-ракеткасы, отандасы Дарья Касаткинаны жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч 1 сағат 40 минутқа созылды. Екінші сетте Грачева 1:4 есебімен жеңіліп жатты, бірақ қатарынан бес гейм жеңіске жетті. Кездесу 6:4, 6:4 есебімен аяқталды.
Ширек финалда ол Қазақстанның ең үздік теннисшісі әрі Уимблдон жеңімпазы Елена Рыбакинамен күш сынасады.
Фото: championat.com