Скатов Қазақстанның басымдығын арттырды

Скатов Қазақстанның басымдығын арттырды

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Дэвис кубогының Екінші әлемдік тобы аясында Таиландқа қарсы кездесуде ұлттық құрамаға екінші ұпайды сыйлады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Касидит Самрейге қарсы кездесу 1 сағат 49 минутқа созылды. ATP рейтингінде 198-орында тұрған Скатов Таиландтың әлемдегі 387-ракеткасын жеңу үшін екі сет жеткілікті болды. Бірінші партия 6:4 есебімен аяқталса, екінші сетте жеңімпаз тай-брейкте анықталды – 7:6.

Скатовтың жеңісінен кейін Қазақстан құрамасы командалық кездесуде 2:0 есебімен алға шықты. Бұған дейін Александр Шевченко да Максимус Джонсты үш сетте – 6:4, 1:6, 7:5 есебімен жеңіп, команда қоржынына алғашқы ұпайды салған еді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Таиландты жеңуге бір қадам қалды. Командалар Астанада кездесіп жатыр. Жалпы бес матч жоспарланған: төрт жекелей және бір жұптық кездесу.

Кездесулер 19 қыркүйекте жалғасады. Серия қорытындысы бойынша 2027 жылғы Дэвис кубогының Бірінші әлемдік тобының плей-офф кезеңіне қатысатын команда анықталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или