Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина WTA әлемдік рейтингіндегі орнын білді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина WTA әлемдік рейтингіндегі орнын білді
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жұптық разрядтағы жаңартылған рейтингті жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Үздік үштікте ешқандай өзгеріс болған жоқ: бірінші орынды чехиялық Катерина Синякова сақтап қалды. Одан кейін америкалық Тейлор Таунсенд пен бразилиялық Луиза Стефани орналасқан.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина жоғары алтыншы орнын сақтап қалды.

Жібек Құламбаева бірден тоғыз сатыға төмендеп, жағдайын нашарлатты. Қазір ол 112-орында тұр.

Юлия Путинцева да ұпай жоғалтып, бес сатыға төмендеді. Қазір ол 344-орында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или