Елена Рыбакина Нинбодағы WTA-500 турнирінде қайта ойнайды

Елена Рыбакина Нинбодағы WTA-500 турнирінде қайта ойнайды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өтетін WTA-500 санатындағы турнирге қайта қатысады. Жарыс 19-25 қазан аралығында өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан өкілі былтыр чемпион атанған турнирге қатысатынын ресми түрде растады.

Рыбакина Нинбоға оралуын асыға күтетінін айтып, былтырғы жарыстан жақсы естеліктер қалғанын атап өтті. Сондай-ақ теннисші жергілікті жанкүйерлермен қайта кездесуге үмітті екенін жеткізді.

2025 жылы Рыбакина жарыстың финалына дейін жетіп, шешуші кездесуде Екатерина Александровамен кездесті. Финал үш сетке созылып, қазақстандық спортшы 3:6, 6:0, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Алдағы турнирде Рыбакина жарыстың қазіргі чемпионы мәртебесінде кортқа шығып, былтырғы жетістігін қайталауға тырысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или