ҚПЛ: 3-тур ойындарының тікелей трансляциясы

Бүгін футболдан Қазақстан чемпионатының 3-туры аясында бес кездесу өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Сағат 19:00-де бірден үш матч басталады: «Қайрат» өз алаңында «Каспийді» қабылдайды, «Ордабасы» «Жетісумен», «Тобыл» «Шахтермен» кездеседі.
21:00-де «Астана» - «Ақтөбе» және «Қайсар» - «Ақсу» матчтары ойын күнін аяқтайды.
«Қайрат» - «Каспий» және «Астана» - «Ақтөбе» ойындарының тікелей трансляциясын «Qazsport» телеарнасы көрсетеді. Қалған кездесулерді ҚКФЛ-ТВ арнасынан көруге болады.
19:00 «Ордабасы» - «Жетісу»
19:00 «Тобыл» - «Шахтер»
21:00 «Қайсар» - «Ақсу»
Фото: fcastana