Бокс

2023 жылғы бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының кестесі жарияланды

2023 жылғы бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының кестесі жарияланды

Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) әйелдер арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионатының кестесін жариялады.

2023 жылғы бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты 15-26 наурыз аралығында Үндістанның астанасы Нью-Дели қаласында өтеді.

- 15 наурызда турнирдің ашылу салтанаты, жеребе тарту рәсімі және салмақ өлшеу шарасы ұйымдастырылады.

- 16-22 наурыз аралығында екі сессия бойынша боксшылар қолғап түйістіреді.

Елорда уақытымен 14:30-да күндізгі, 18.30-да кешкі сессия басталады.

Әлем чемпионатының жартылай финалы 23 наурызға белгіленген.

25-26 наурызда чемпиондар анықталады.

Түпнұсқасы: zakon.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0