«Қайрат» – Премьер-лигадағы ең жас команда
Алматылық «Қайрат» 2023 жылғы Қазақстан Премьер-лигасындағы ең жас команда екені белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жаңа маусымда алматылық клуб құрамында 23 футболшының есімі жарияланды. Олардың орташа жасы –22. Одан кейінгі орындағы қарағандылық «Шахтер» ойыншыларының орта жасы – 24. Ал, «Ақсу» (Павлодар облысы), «Ақтөбе», «Каспий» (Ақтау) және «Ордабасы» (Шымкент) клубтары футболшыларының орта жасы – 25.
Айта кетсек, 4-5 наурыз күндері футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігі жалауын көтереді. Биыл доп додасында 14 команда бақ сынайды. Маусым соңында олардың үшеуі бірінші лигаға түсіп қалады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или