Бокс

Серік Сәпиев пен балуан арасындағы жанжалға Данияр Елеусінов пікір білдірді

Серік Сәпиев пен балуан арасындағы жанжалға Данияр Елеусінов пікір білдірді
news-banner7
mobile-news-top

2016 жылғы Олимпиада чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов Instagram желісіндегі парақшасында Naiza промоушен турниріндегі Batyrball ойыны кезінде Серік Сәпиевтің қатысуымен болған жанжалға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Баршаңызға Ассалаумағалейкум! Мен Серік Сәпиев ағамыздың басынан өткен жағдайды айтқым келеді. Эмоциямен пірік білдірмес үшін бәрі қалай болғанын, не болғанын бақылап, күттім. Нәтижесінде Серіктің қолында доп болмағандықтан, жас жігіт тарапынан бұл шынымен дұрыс емес екенін байқадым. Доп болмаған соң, неге ондай әрекет жасадың? Жарақат алуы мүмкін еді. Иә, басқа ойыншылар да қарсыласын лақтырып, әдіс қолданып жүрді. Бірақ, Серікке жасалған әдіс әдейі, дөрекі жасалғандай көрінді. Бұл жерде Серіктің көңіл-күйі түсінікті еді. Ол жас жігітті ұрды дейді, бірақ жас жігіт Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы және кубок иегері Вэл Баркерді білуі керек», - деді Елеусінов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер