Месси тағы бір рекорд орнатты

Париждік ПСЖ клубының шабуылшысы Лионель Месси тағы бір рекорд орнатты. Франция біріншілігінің 25-турында ПСЖ мен "Марсель" клубтары кездесті.

Тартысты өткен ойында париждік клуб 3:0 есебімен жеңіске жетті. ПСЖ сапынан бір голды Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси матчтың 29-минутында соқты.

Бұл шабуылшының үздік бес лигадағы 700-добы болып тіркеліп отыр. Осылайша, Лионель Месси аталған көрсеткішке тарихта бірінші болып жеткен футболшы атанды.

Түпнұсқасы: stan.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0