Бокс

WBA рейтингі: Головкин - чемпион, Қоңқабаев пен Павлов үздік бестікте

WBA рейтингі: Головкин - чемпион, Қоңқабаев пен Павлов үздік бестікте

Қазақстандық бірқатар кәсіби боксшылар Дүниежүзілік бокс қауымдастығының рейтингіне енді.

Супер ауыр салмақта Иван Дычко үздік бестікті түйіндеді. Қамшыбек Қоңқабаев (4-ші) пен СерікМұсаділов (15-ші) крузервейт рейтингісіне енді.

Екінші орта салмақта Бек Нұрмағанбет 9-орынға жайғасты. Геннадий Головкин болса орта салмақта WBA Super чемпионы.

Сұлтан Зәуірбек пен Бекман Сойлыбаев екінші жартылай жеңіл салмақта 12-13 орындарды орналасты. Ал Евгений Павлов аса жеңіл салмақта үздік бестікте қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0