Грузиялық ойыншы «Елімай» футбол клубына ауысты

«Елимай» футбол клубы грузиялық шабуылшы Бека Кавтарадземен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 23 жастағы футболшы тбилисилік «Динамо» түлегі. Бұған дейін «Рустави», «Сабуртало», «Нижний Новгород», «Телави» командаларында өнер көрсеткен.