«Манчестер Юнайтед» Англия лигасы кубогын жеңіп алды

«Манчестер Юнайтед» Англия лигасы кубогының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Уэмбли» стадионында өткен финалда «Манчестер Юнайтед» пен «Ньюкасл Юнайтед» кездескен. Бұл ойында манчестерлік команда 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Матчтағы екі гол да бірінші таймда соғылды. 33-минутта Каземиро есеп ашса, 39-минутта Свен Ботман өз қақпасына гол соғып алды.
Айта кетейік, «Манчестер Юнайтед» өз тарихында алтыншы рет Лига кубогын жеңіп алды (1992, 2006, 2009, 2010, 2017). «Қызыл сойқандар» 2017 жылдан бергі алғаш рет жүлдеге қол жеткізіп отыр, ол кезде команда Еуропа лигасында топ жарған.