Фото. «Ақсу» футболшылары балалар үйінің тәрбиеленушілерімен футбол ойнады

Фото. «Ақсу» футболшылары  балалар үйінің тәрбиеленушілерімен футбол ойнады

«Ақсу» футболшылары Брайан Сильва, Руслан Есімов, Мирас Тұрлыбек және Луис Гуедес балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған футбол фестиваліне қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан футбол федерациясы УЕФА бағдарламасы аясында Павлодарда балалар мен жасөспірімдер арасында футбол фестивалін ұйымдастырды. Шараға Павлодар облысының балалар үйлерінің 100-ден астам тәрбиеленушісі қатысты.

Футбол фестивальдерінің басты мақсаты – балалардың футболға деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау.

Сондай-ақ, фестиваль аясында «Ақсу» футбол орталығының балалары мен футболшылары арасында жолдастық кездесу өтті. Павлодарлық клубтың негізгі командасының ойыншылары Брайан Сильва, Руслан Есімов, Мирас Тұрлыбек және Луис Гедеш балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін ойнады.

ҚФФ хабарлауынша, балаларға арналған футбол фестивалі бүкіл Қазақстан бойынша өтеді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0