Бокс

«Сіздерді құшақтадым»: Сауль Альварес қазақстандық жанкүйерлерге сәлем жолдады (видео)

«Сіздерді құшақтадым»: Сауль Альварес қазақстандық жанкүйерлерге сәлем жолдады (видео)

Екінші орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы мексикалық Сауль Альварес қазақстандық боксшылармен тәжірибесімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Канело» жеңіліп көрмеген қазақстандықтар Бек Нұрмағанбет пен Әбілхан Аманқұлға бірнеше әдісті көрсетті.

Сондай-ақ мексикалық боксшы қазақстандық жанкүйерлерге сәлем жолдады.

«Барша қазақстандық жанкүйерлерге сәлем. Сіздерді құшақтадым. Достарыңыз «Канело», - деп келтіреді Альварестің сөзін Suleimen Promotions Instagram-парақшасы.

Еске салайық, қазақстандық кәсіпқой боксшылар Бек Нұрмағанбет пен Әбілхан Аманқұл Сауль Альварес залында жаттығу өткізіп жатыр. «Канело» былтыр күзде Геннадий Головкинді жеңгеннен кейін рингке шықпады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0