Жан Кособуцкий келесі жекпе-жегі жайлы ақпарат айтты

Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Жан Кособуцкий (19-0, 18 КО) instagram желісінде өзінің келесі жекпе-жегінің уақыты туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Жекпе-жекке келетін болсақ, оны сәуір айының ортасында Германияда өткіземіз. Қарсылас әлі белгісіз, бірақ біздің Universum клубы ұйымдастырып, бокс кеші болады деп ойлаймын. Біздің міндетіміз - жаттығу, жеңіске жету», - деді Кособуцкий.