Бокс

Альварес 12 жылдан кейін алғаш рет Мексикада жекпе-жек өткізеді

Альварес 12 жылдан кейін алғаш рет Мексикада жекпе-жек өткізеді

Екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль Альварес 12 жылдан кейін алғаш рет өз отаны – Мексикада жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы боксшының өзі айтты. «Халисконың 200 жылдық егемендік мерейтойына орай өз жерімде жекпе-жек өткіземін. Биыл мамырда барлық титулымды қорғаймын. Толық ақпарат жақын арада белгілі болады», - деп жазды Альварес әлеуметтік желіде.

Мексикалық боксшы WBO міндетті қарсыласы Джон Райдермен жұдырықтасуы мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0