«Үйрене беріңдер». Жәнібек Әлімханұлы батыл мәлімдеме жасады

Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады. Ол болашақта көп титулы болатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Боксшы Twitter-парақшасында жанкүйерлеріне үн қатты.
«Мен енді бастадым. Бұл - менің алғашқы чемпиондық титулым, жақында көп белбеуім болады. Жаңалықтардан түспеймін. Үйрене беріңдер», - деді ол.
Жәнібек Әлімханұлы кейінгі жекпе-жегін былтыр қарашада Лас-Вегаста өткізіп, титулын қорғап қалды. Ол ұлыбританиялық Дензел Бентлиді төрешілер шешімімен жеңді.
Қазақстандық боксшы рингке қашан оралатыны белгісіз.