Қазақстан әйелдер құрамасының қорғаушысы «Галатасарайда» қаралымнан өтіп жатыр

Қазақстан әйелдер құрамасының ойыншысы Камила Совет түркиялық«Галатасарайда» қаралымнан өтіп жатыр, деп хабарлайдыProsports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
Дереккөздің мәліметінше, Камила Совет Ыстамбұлға 6 ақпанда келген, бірақ Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан «Галатасарайдағы» қаралымы кейінге шегерілген. Камила бір аптадан бері түркиялық клубта жаттығып жүргені хабарланды.
18 жастағы Камила Совет Қазақстанның әр жастағы құрамаларына шақырту алған болатын.