«Рома» шабуылшы жазғы трансфер кезеңінде клубтан кетуі мүмкін

«Рома» шабуылшы Тэмми Абрахам жазғы трансфер кезеңінде клубтан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Calciomercatoweb мәліметінше, А сериясының клубы 25 жастағы футболшыны 80 миллион еуроға сатуға дайын.
2022/2023 маусымында Тэмми Абрахам «Рома» сапында 31 матч өткізіп, жеті гол соғып, бес нәтижелі пас берген.
Айта кетейік, римдік клубқа ауысқанға дейін «Челси» түлегі Тэмми Абрахам тек Англияда өнер көрсеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или