Тағы үш ел бокстан 2023 жылғы әлем чемпионатына байкот жариялады

Бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионатына байкот жариялаған елдер саны артты, деп хабарлайды Prosports.kz.
АIBA басшысы Умар Кремлев биылғы додаға Ресей мен Беларусь боксшыларының қатысуына рұқсат берген еді. Салдарынан АҚШ алғаш болып турнирге байкот акциясын жариялады. Кейін оған Канада, Ұлыбритания, Чехия, Ирландия мен Швеция қосылды.
Ал таяуда бұл тізім кеңейді. Енді Польша, Швейцария мен Нидерланд та өз боксшыларын әлем чемпионатына жіберуден бас тартты.
Ерлер арасындағы әлем чемпионаты 1-14 мамыр арасында Ташкентте (Өзбекстан) өтеді. Ал әйелдер арасындағы дода 15-31 наурыз арасында Нью-Делиде (Үндістан) ұйымдастырылады.