Баскетболдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының іріктеу матчтарына қатысатын құрамын жариялады

Баскетболдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеу матчтарына дайындалып жатыр, деп жазады Prosports.kz.
Команда құрамы: Рустам Мырзағалиев, Вадим Щербак, Мағжан Сәрсенғалиев, Александр Оразбеков, Олег Балашов, Максим Марчук, Шаим Куанов («Тобыл»), Роман Марчук, Руслан Айтқали, Аскар Майдекин, Дмитрий Гаврилов, Роберт Пан (IRBIS), Антон Быков («Тобыл»).
Біздің құрама 23 ақпанда Гонконгта Қытаймен, ал 26 ақпанда Мельбурн қаласында Олег Киселев шәкірттері Аустралиямен кездеседі.