Бокс

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионымен жұдырықтасудан бас тартты. Оның себебі айтылды

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионымен жұдырықтасудан бас тартты. Оның себебі айтылды

Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы, Доминикана Республикасының боксшысы Карлос Адамеспен жекпе-жек өткізуден бас тартты. Twitter-де бокс туралы шолу жасайтын Ez RAW Boxing парақшасы оның себебін түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін Әлімханұлы әлем чемпиондары жекпе-жекке келіспей жүргенін айтқан еді. Қолданушылардың бірі Ez RAW Boxing-тен Әлімханұлы неге орта салмақта WBC «уақытша» әлем чемпионы Адаместен қашып жүргенін сұрады. 

«Жәнібек жұлдызбен жұдырықтасқысы келеді. Адамес — жақсы боксшы, бірақ оның есімі құнды емес. «Жани» жеңіске жетеді, бірақ танымалдығы артпайды», — деп жазды сарапшы.

Жәнібек Әлімханұлы кейінгі рет былтыр қарашада Лас-Вегаста жұдырықтасқан. Сол кезде ұлыбританиялық Дензел Бентлиді төрешілер шешімімен жеңген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0