«Қайрат» «Пахтакорымен» екі кездесу өткізеді

«Қайрат» «Пахтакорымен» екі кездесу өткізеді

Алматылық «Қайрат» өзбекстандық «Пахтакормен» екі кездесу өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Алматылық «Қайрат» Өзбекстанның 15 дүркін чемпионы «Пахтакормен» жолдастық кездесулер сериясын өткізу туралы келісімге келді. Ескі қарсыластар арасындағы алғашқы жолдастық ойын Ташкенттегі Орталық стадионда өтеді.

Осы жазда командалар Алматының Орталық стадионында қарымта спарринг өткізеді деп күтілуде. Бұл матчтың күні алдағы маусымдағы ресми матч күнтізбелері бекітілгеннен кейін келісіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0