Хоккей

Универсиада: Канада - Қазақстан кездесуі қай уақытта басталатыны белгілі болды

Универсиада: Канада - Қазақстан кездесуі қай уақытта басталатыны белгілі болды

2023 жылғы Қысқы Универсиадада шайбалы хоккейден Қазақстан студенттер құрамасы жартылай финалдағы Канадамен кездесуі қай уақытта басталатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, Қысқы Универсиада АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатыр.

Канада мен Қазақстан кездесуі елорда уақытымен 20:35-те басталады.

Еске салсақ, қазақстандық хоккейшілер В тобында Оңтүстік Корея, Венгрия, Ұлыбритания, Словакия және АҚШ-пен сынға түсті.

Топтық кезеңде ел құрамасы Оңтүстік Кореяны – 5:1, Венгрияны 9:1, Ұлыбританияны 15:1, Словакияны 4:0 есебімен жеңіп, АҚШ құрамасына 1:4 есебімен есе жіберді.

Осылайша өз тобында 12 ұпаймен екінші орын алды. Бірінші орын дәл сондай ұпай жинаған АҚШ құрамасына бұйырды.

Ал канадалық хоккейшілер А тобында бірде-бір ойында жеңілмей, бірінші орын алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0