Бокс

Дмитрий Бивол Хайме Мунгияға қарсы жекпе-жек өткізуі мүмкін

Дмитрий Бивол Хайме Мунгияға қарсы жекпе-жек өткізуі мүмкін

Ресейлік боксшы, жартылай ауыр салмақтағы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Дмитрий Бивол жеңіліп көрмеген мексикалық Хайме Мунгияға қарсы жекпе-жек өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Спорт24 сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы америкалық промоутер Эрик Гомес мәлімдеді.

«Мунгия ұлылармен жұдырықтасуға дайын. Дмитрий Биволға қарсы жекпе-жекті ұйымдастыруға қызығушылық көп, Мунгияның өзі бұл жекпе-жекті қалайды. Хайме үлкен жекпе-жектерді қалайды.

Кейбіреулер Мунгия орта салмақта жұдырықтасқаны үшін Биволға қарсы жекпе-жек ессіздік деп ойлайды. Бірақ Хайме үлкен және күшті. Оған орта дивизионға салмақ қуу қиын. Сондықтан бұл соншалықты ессіздік емес », - деді Гомес ESPN-ге берген сұхбатында.

Хайме Мунгия кәсіпқой бокста 41 жекпе-жек өткізіп, 41 жеңіске жеткен. Дмитрий Бивол 21 жекпе-жекте 21 жеңіске жеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0