Қазақстандық боксшылар WBO жаңартылған рейтингінде өз орындарын анықтады

Қазақстандық боксшылар WBO жаңартылған рейтингінде өз орындарын анықтады

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) барлық салмақ санаттары бойынша рейтингті жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz .

Бұрынғыдай бұл қауымдастықтың рейтинг кестесінде төрт қазақстандық боксшы бар. Мексикалық Сауль Альварес абсолютті әлем чемпионы атанған екінші орта дивизионның үздік өкілдері тізімінде Әли Ахмедов 12-ші нөмірді сақтап қалды.

Орта салмақтағы рейтингте Қазақстанды екі спортшы қорғап тұр – Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы ретінде көш басында, ал WBO International титулының иегері Мейірім Нұрсұлтанов әзірге үшінші орында.

Рейтингте екінші жеңіл салмақтағы Сұлтан Зәуірбек 11-орында қалды, бұл санаттағы әлем чемпионы атағы бос.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или