Алекса Аманович «Астана» ойыншысы атанды

Солтүстік македониялық қорғаушы Алекса Аманович елордалық «Астана» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
26 жастағы футболшы «Тобыл» сапында үш маусым ойнап, ҚПЛ-да 63 матч өткізіп, төрт гол соққан болатын.
Бұған дейін Аманович Сербияда ойнап, «Партизан», «Телеоптик», «ИМТ Белград» және «Явор» командаларында өнер көрсеткен.
Бір күн бұрын «Астана» үш маусым «Тобылда» ойнаған Жарко Томашевичті клуб сапына қайтарған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или