«Елімай» Астанада алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастайды
Бірінші лиганың жаңа клубы «Елімай» Астанада алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастайды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
<span>«Самат Смақов шәкірттері 16 қаңтардан 7 ақпан аралығында келер маусымға дайындығын Астанада өткізбек.</span>
<span>Алдағы оқу-жаттығу жиындарында жігіттердің алдында маңызды міндет тұр – бапкерлер құрамын олардың жұмысының команда үшін пайдасы бар екеніне сендіру. Доппен жаттығудан басқа, спортшылар күн сайын дерлік жаттығу залында, дәрігерлер мен жаттықтырушылармен бірге жұмыс істейтін болады.</span>
<span>Астанамыздағы ОЖЖ аясында 5 бақылау кездесуі өтеді.</span>
<span>Еске салайық, жаңа жыл алдында семейліктер туған жерінде алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізген болатын», - делінген клуб хабарламасында.</span>