Жәнібек Әлімханұлы 2023 жылғы алғашқы қарсыласы туралы мәлімдеме жасады

Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) әлеуметтік желіде жаңа мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық боксшы твиттер парақшасында кезекті қарсыласы туралы мәлімдеме жазды.
«Келесі қарсыласым танымал болады деп сенемін. Жекпе-жекетн қорықпайтын жұлдыздар бар ма?», – деп жазды Әлімханұлы.
Еске салайық, 2022 жылдың қарашасында өткен алдыңғы жекпе-жекте Жәнібек Әлімханұлы британдық Дензел Бентлиді (17-2-1, 14 КО) төрешілер шешімімен жеңіп, чемпиондық атағын қорғаған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или