Әліптің командасы ирандық клубпен жолдастық кездесу өткізеді

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп өнер көрсететін «Зенит» ақпанда ирандық «Сепахан» клубымен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Санкт-Петербургтік клубтың ресми сайты хабарлағандай, кездесу 17 ақпанға жоспарланған.
Матч Исфахандағы 75 мың көрермен қабылдай алатын «Накш-э Джахан» стадионында өтеді.