Португалия құрамасының бас бапкері тағайындалды

Португалия құрамасының бас бапкері тағайындалды

Испаниялық маман Роберто Мартинес Португалия құрамасының бас бапкері болып тағайындалды.

Сhampionat.com сайтынан алынған мәліметке қарағанда, бұл туралы Португалия футбол федерациясынан хабарлады.

Роберто Мартинес осыған дейін 2014-2022 жылдары Португалияны жаттықтырған португалиялық маман Фернанду Сантушты алмастырады.

Қатарда өткен әлем чемпионатында Ф.Сантуштың шәкірттері ширек финалда Марокко құрамасына 0:1 есебімен жол берген еді.

49 жастағы Мартинес 2016-2022 жылдары Бельгия құрамасының тізгінін ұстады. Әлем чемпионатынан кейін ол да Сантуш секілді өз орнын босатқан еді.

Мартинестің халықаралық деңгейдегі ең ірі табысы – Бельгия құрамасымен қол жеткізген 2018 жылы Ресейде өткен әлем біріншілігінің қола жүлдесі. Ол сондай-ақ «Суонси», «Уиган» және «Эвертон» клубтарын жаттықтырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или