Қазақстан құрамасының қорғаушысы мансабын аяқтады

Қазақстан құрамасының қорғаушысы мансабын аяқтады

«Ақтөбе» футбол клубының капитаны Юрий Логвиненко мансабын аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

- Қазақстандағы ең даңқты футболшы, Ақтөбе футболының түлегі Юрий Логвиненко ойыншы ретіндегі мансабын аяқтау туралы шешім қабылдады.

Юрий Анатольевич Логвиненко – ақтөбелік команда тарихындағы айтулы футболшылардың бірі. Оның атағы жер жарады. Логвиненко сегіз дүркін Қазақстан чемпионы, сегіз дүркін жүлдегер, екі дүркін Қазақстан кубогының иегері және бес дүркін Қазақстан Суперкубогының жеңімпазы. 

«Ақтөбе» футбол клубының түлегі. Оның туған клубындағы мансабы 2006-2012 жылдарғы клубтың «алтын кезеңіне» тура келді, сол кезде команда Қазақстан чемпионатының үздік үштігіне тұрақты түрде ене бастады.

Ол «ақ-қызылдардың» сапында ең көп ойын өткізген рекордсмен ойыншы. Логвиненко «Ақтөбе» сапында 333 ресми кездесу өткізіп, 22 гол соққан. Ол капитан ретінде Қазақстан жастар және ұлттық құрамаларында лайықты ойнады. Юра Қазақстан құрамасы сапында 58 ойынға қатысып, бес гол соққан.

2021 жылғы маусымда туған жеріне қайта оралған Логвиненко «Ақтөбе» футбол клубына биыл Қазақстан чемпионатының көптен күткен күміс жүлдесін жеңіп алуға көмектесті, бұл ақтөбеліктерге араға 7 жыл салып Еурододаға жолдама алуға мүмкіндік берді.

Жыл соңында Логвиненко «Ақтөбе облысының Құрметті азаматы» атанды, - деп жазды ақтөбелік команданың баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0