Роналду «Әл-Насрдағы» дебютін қашан өткізетіні белгілі болды

Криштиану Роналду жаңа командасы «Әл-Насрдағы» алғашқы матчын 22 қаңтарда өткізуі мүмкін. Бұл туралы СЭ жазды.
«Әл-Наср» маусымға арналған тізімінде легионерлер саны лимиттен асқандықтан Роналду әзірге алаңға шыға алмайды. Дегенмен басылымның жазуынша, арабиялық клуб Камерун құрамасының шабуылшысы Венсан Абубакармен келісімшартты үзген.
Енді Роналду «Әл-Насрдың» 22 қаңтарда өтетін матчында алаңға шығуы мүмкін.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или