«Челси» мен «Ювентустың» бұрынғы ойыншысы Джанлука Виалли қайтыс болды

«Челси» мен «Ювентустың» бұрынғы ойыншысы Джанлука Виалли қайтыс болды
Италиялық футболшы, бапкер Джанлука Виалли қатерлі ісіктен қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол ұзақ уақыт бойы қатерлі ісікпен күресіп келді, алайда 2022 жылдың соңында оның жағдайы нашарлай түсті.

Виалли Италия құрамасында жүріп 59 матчқа қатысқан. «Челсимен» Англия кубогын жеңіп алса, «Ювентуспен» Чемпиондар лигасында жеңіске жетті.

Футболшы ретінде мансабын аяқтаған сол Виалли «Челсидің» бапкері, Италия құрамасы бапкерінің көмекшісі болды және «Уотфордты» басқарды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0