Хоккей

«Ақтөбеден» үш шабуылшы кетті

«Ақтөбеден» үш шабуылшы кетті

«Ақтөбе» хоккей клубы үш шабуылшымен келісімшартын үзді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Командадан екі тараптың өзара келісімі бойынша Сергей Юдин, Александр Ильин мен Евгений Гасников кетті.

Юдин осы маусымда 17 матчта 4 (2+2) ұпай, Ильин 15 ойында 5 (3+2) ұпай, Гасников 25 кездесуде 14 (8+6) ұпай еншілеген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0