ҚПЛ клубы болгариялық командамен жолдастық матч өткізеді

ҚПЛ клубы болгариялық командамен жолдастық матч өткізеді

«Ақсу» Түркиядағы жиынында болгариялық София қаласының ЦСКА-1948 командасымен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жолдастық кездесу 28 қаңтарда Белекте өтеді деп жоспарланып отыр.

ЦСКА Болгария чемпионатында үшінші орында келе жатыр. Команданы Тодор Янчев жаттықтырады, ол «Қайсарда» Стойчо Младеновтің көмекшісі болған. Сондай-ақ болгариялық клубтың шабуылында Александар Колев ойнайды, лд 2020 жылы қызылордалықтар сапында 12 матч өткізген. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0