русский язык

Тағыберген «Тобылдан» кетті

Тағыберген «Тобылдан» кетті

«Тобыл» мен Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген мансабын басқа клубта жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Тағыберген қостанайлық командамен келісім-шартын ұзартпады және команда ауыстыруды көздеп отыр.

Жартылай қорғаушыға ҚПЛ-дың бірнеше клубтары үміткер, дегенмен, үміткерлер арасындағы фаворит Тағыберген 2016-2017 жылдары ойнаған «Астана» болып табылады.

Өткен маусымда Тағыберген «Тобыл» сапында 32 матч өткізіп, 8 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді. Футболшы мансабында Қайсар мен Ақтөбеде де өнер көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;