Магомед Адиев «Жыл бапкері» номинациясында үздік атанды

Магомед Адиев «Жыл бапкері» номинациясында үздік атанды

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев «Жыл таңдауы – Алтын адам» сыйлығы аясында «Жыл бапкері» номинациясы бойынша үздік атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Ресейлік маман ел құрамасының бас бапкері қызметіне биыл мамыр айында тағайындалған еді.

«Оның жетекшілігімен қазақстандық футболшылар UEFA Ұлттар лигасында өз тобында бірінші орынмен В лигасына шықты. «Жыл таңдауы» ұлттық сыйлығы Қазақстанда 2000 жылдан бастап өткізіліп келеді. Жеңімпаздар халық арасында жүргізілген сауалнаманың қорытындысы, сарапшылардың дауыс беруі, ұйымдастырушылардың талдауы және қазылар алқасының таңдауы бойынша анықталады», - деп жазылған Қазақстан футбол федерациясы таратқан хабарламада.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0