русский язык
Теннис

United Cup: Қазақстан - Польша матчында Тимофей Скатов таразы басын теңестірді

United Cup: Қазақстан - Польша матчында Тимофей Скатов таразы басын теңестірді

Аустралияның Брисбен қаласында United Cup командалық турнирі аясында Қазақстан - Польша матчы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кортқа бірінші болып әлемнің 1-ракеткасы Ига Швентек пен дүниежүзілік рейтингіде 51-орында тұрған Юлия Путинцева шықты.

Бұл ойында И. Швентек 6:1, 6:3 есебімен басым түсті. Бір сағаттан сәл астам уақытқа созылған кездесу барысында ол 1 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.

Содан кейін әлемнің 142-ракеткасы Тимофей Скатов пен рейтингіде 260-сатыдағы Даниэль Михальски шеберлік байқасты. 2 сағат 10 минутқа созылған тартысты бәсекеде Т. Скатов 7:6 (9:7), 6:2 есебімен жеңіске жетті. Тимофей 3 эйспен бірге 10 брейктің екеуін өз есебіне жазды.

Осылайша, Қазақстан - Польша матчында есеп теңесті – 1:1.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;