Роналду мен Месси қаңтарда бір-біріне қарсы ойнауы мүмкін

Роналду мен Месси қаңтарда бір-біріне қарсы ойнауы мүмкін

Франциялық «ПСЖ» чемпионаттағы қысқы үзіліс кезінде Сауд Арабиясының «Әл-Наср» және «Әл-Хиляльдің» үздік ойыншыларынан жиналған командамен жолдастық матч өткізбек, деп хабарлайды Prosports.kz.

Франциялық журналист Адриен Греньенің мәліметінше, ойын қаңтардың ортасында өтуі мүмкін. «ПСЖ-ға» «Әл-Наср» мен «Әл-Хиляльдің» үздік ойыншылары бірігіп қарсы тұрады.

Франциялық команда сапында аргентиналық Лионель Месси ойнайды. Ал кеше «Әл-Наср» сапына Криштиану Роналду ауысқан. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или