Ресми: Криштиану Роналду «Аль-Насср» клубына ауысты

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду саудиялық «Аль-Насср» клубына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қос тарап екі маусымға жарамды келісімшарт жасасты
Катарда өткен әлем чемпионатында Роналду Португалия құрамасы сапында бір гол соқты. Оның командасы ширек финалда Мароккодан жеңіліп қалды. Осылайша Криштиану бес әлем чемпионатында гол соққан жалғыз ойыншы атанды.
Бұған дейін CR7 «Спортинг», «Манчестер Юнайтед», «Реал Мадрид» және «Ювентус» клубтарында өнер көрсеткен.
Роналду аталған клубтар сапында бірнеше дүркін Англия, Испания, Италия чемпионы атанып, ел кубоктарын ұтты. Бес дүркін Чемпиондар лигасын жеңіп, екі дүркін УЕФА суперкубогының иегері атанды. Португалия құрамасы сапында Еуропа чемпионы атанған. Оның бұдан өзге де айтып тауысқысыз жетістіктері мен рекордтары бар.