русский язык

ҚПЛ-дың рекордшы легионері карьерасын басқа клубта жалғастыруы мүмкін

ҚПЛ-дың рекордшы легионері карьерасын басқа клубта жалғастыруы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Сенегалдық хавбек Абдуллай Диакате ақтаулық «Каспийге» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Aladop» телеграм-каналына сілтеме жасап.

«Каспий» бас бапкері Қахабер Цхададзе кезінде «Ордабасы» командасының бас бапкері болған еді. Сол кезде жақсы ойынымен көзге түскен Абдуллай Диакатені енді ақтаулық командаға алғысы келіп жатыр. Сенегал ойыншысы өткен маусымды «Тұран» сапында өткізді», — делінген хабарламада.

Абдуллай Диакате ҚПЛ-да 11 маусым өткізді, бұл Премьер-лига тарихында легионерлер арасындағы рекорд саналады. Сенегалдық футболшы Қазақстан чемпионатынла 286 матч өткізіп, 31 гол соққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;