Қазақстандық футболшы ойнайтын клубтың матчында техникалық жеңіліс тіркелді

Қазақстандық жартылай қорғаушы Георгий Жуков өнер көрсететін Қытайдың «Cangzhou Mighty Lions» клубы жергілікті чемпионаттың 33-турында үш ұпайға қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қарсылас командаға техникалық жеңіліс тіркелді. 33 матчтан кейін Жуковтың командасы 41 ұпаймен турнир кестесінде 13-ші орында тұр.
Айта кетейік, Георгий Жуков Қытай Суперлигасының ағымдағы маусымында 14 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берген.