Бокс

Дамир Исмағулов кәсіпқой боксқа ауысады

Дамир Исмағулов кәсіпқой боксқа ауысады

Дамир Исмағулов кәсіпқой боксқа ауысады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Аралас жекпе-жек шебері соңғы кездесуіндегі сәтсіздіктен кейін осындай мәлімдеме жасады.

«Жақын күндері бокстан Ресей ұлттық құрамасымен бірге жаттығу жиынына қатысамын. Бұған дейін де мықты деген былғары қолғап шеберлерімен спаррингтер өткізіп, оларды жеңіп те жүргем. Сол кезде кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсету туралы ой пайда болған еді. Жақын арада сол мақсатым жүзеге асуы мүмкін», - дейді Дамир.

Ресейдегі қандасымыз бұған дейін әр дайындықтың 80 процентін бокс жаттығуларына арнағанын алға тартады. Осы тұрғыда бапкері Ильдар Аисиннің еңбегін де ерекше атап кетті.

Еске сала кетейік, Дамир соңғы кездесуін өткен аптада Лас-Вегас қаласында өткізді. ЮФС турнирі аясында ресейлік Арман Царукянмен жолығып, төрешілер шешімімен есе жіберді. Бұл Дамирдің соңғы 7 жылдағы бірінші, ал жалпы кәсіпқой мансабындағы екінші жеңілісі. Ол бүгінге дейін бас-аяғы 26 жекпе-жек өткізіп үлгерді.

31 жастағы Дамир қазір ЮФС ұйымымен келсімшартты тоқтатты. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0