Қазақстандық қорғаушы мансабын Арменияда жалғастыруы мүмкін
![Қазақстандық қорғаушы мансабын Арменияда жалғастыруы мүмкін](https://prosports.kz/upload/news/content//202212/201736_2188b41cddd581c59b75be821469a50c.jpg?v=28700607)
Қазақстандық қорғаушы Тимур Рудосельский мансабын Армения чемпионатында жалғастыруы мүмкін.
«Тұран» қорғаушысы Тимур Рудосельский «Алашкертке» ауысуы мүмкін, - деп жазады AFG басылымы армян журналисі Сурен Меликсетянға сілтеме жасап.
28 жастағы ойыншы өткен маусымда ҚПЛ-да 9 матчқа қатысып, 1 нәтижелі пас берді. Ал Қазақстан кубогы аясында үш кездесуге қатысты.
Айта кетейік, «Алашкерт» өткен маусымда Армения чемпионатында үшінші орын алды.