Марокко құрамасы сыйақыны қайырымдылық мақсатына жұмсамақ

Марокко құрамасы сыйақыны қайырымдылық мақсатына жұмсамақ

Қатарда өткен әлем чемпионатында төртінші орынға ие болған Марокко құрамасы ФИФА-дан алатын 25 млн еуро сыйақыны қайырымдылық мақсатына жұмсамақ.

Журналист Халид Бейдунның жазуынша, футболшылар сыйақыны түгелдей елдегі кедей балалар мен отбасыларға бермек.

Валид Реграри жаттықтыратын Марокко құрамасының әлем біріншілігінің жартылай финалына дейін жеткен алғашқы Африка және араб елі атанғаны белгілі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или