«Астананың» бұрынғы ойыншысы «Спартакқа» ауысуы мүмкін
Мәскеулік «Спартак» «Хетафенің» орталық жартылай қорғаушысы Неманья Максимовичті сатып алғысы келеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Дереккөздің хабарлауынша, 27 жастағы футболшы мансабын «Спартакта» жалғастыру нұсқасын қарастыруға дайын.
Қызыл-ақтардың бастапқы ұсынысы 3 миллион еуро, ал испандық клуб одан көп талап етіп отыр.
Максимович «Хетафеге» 2018 жылы «Валенсиядан» 10 миллион еуроға қосылды және оның келісімшарты 2024 жылдың жазында аяқталады. Қорғаушы осы маусымда Ла Лигада 12 ойын өткізді.
Максимович Катарда өткен әлем чемпионатында Сербия құрамасының үш кездесуіне де қатысты. Ұлттық құрама сапында барлығы 43 ойын өткізген.
Еске салайық, Максимович «Астана» сапында өнер көрсетіп, 54 кездесу өткізіп, 9 гол соққан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или