2022 жылғы әлем чемпионатында пенальтилер сериясы бойынша рекорд орнады
Катардағы әлем чемпионатында пенальтилер сериясы бойынша рекорд орнатылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі championat.com сайтына сілтеме жасап.
Жалпы Катарда өткен әлем чемпионатында бес матч пенальти сериясына жетті - екі рет 1/8 финалда (Хорватия мен Жапония құрамалары арасындағы ойында және Марокко мен Испания арасындағы кездесуде), екі рет ширек финалда (Аргентина мен Нидерланды кездесуі және Хорватия - Бразилия кездесуі) және Аргентина мен Франция құрамалары кездескен турнирдің финалында.
Еске салайық, әлем чемпионатының финалында Аргентина құрамасы Франция құрамасын пенальтилер сериясында 4:2 есебімен жеңген болатын (негізгі және қосымша уақыт қорытындысы бойынша тең есеп тіркелді - 3:3).
Аргентина құрамасы тарихта үшінші рет футболдан әлем чемпионы атанды.