Финалды стадионнан аргентиналық 50 мың жанкүйер тамашалайды

Финалды стадионнан аргентиналық 50 мың жанкүйер тамашалайды

Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының финалында 50 мың аргентиналық, 6 мың франциялық жанкүйер келеді деп күтілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Финалда 18 желтоқсанда Аргентина және Франция құрамалары кездеседі.

Кездесу Лусаил қаласындағы 88 966 жанкүйерге арналған «Лусаил Айконик» стадионында өтеді.

Дүбірлі дода барысында өз құрамасының әрбір ойынына аргентиналық жанкүйерлер көп жиналды. Осындай қолдауды әлем чемпионаты финалында да жалғастырмақ.

Екі құрама бұған дейін екі-екіден әлем чемпионы атағын жеңіп алған. Аргентиналық футболшылар 1978, 1986 жылдарда жеңімпаз тұғырына көтерілсе, Франция 1998, 2018 жылдарда бас жүлдеге ие болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или